0:00 / 0:00
Облыстағы бірегей жоғары оқу орны - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің түлектері үшін жаңа кезең басталды. Жоғары оқу ордасында білім алу - жастар үшін болашақ арманға жасалған алғашқы қадамның бірі болса, студенттік шақ олардың өміріндегі жарқын кезең болып қала бермек. Махамбет университетінің қабырғасында біліммен қаруланған жас мамандар қолдарына дипломын алып, алда ресми құжаттың жемісін көрмек.
ЕРАСЫЛ ЖЕҢІСҚАЛИ
М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚУ ТҮЛЕГІ
Биылғы оқу жылында Махамбет университетін 223 ғылым магистрі мен 1500-ден астам студент аяқтап отыр. Салтанатты шарада болашақ мамандардың жанынан олардың ұстаздары мен ата-аналары да табылды. «Диплом табыстау - өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басқан жас мамандардың ғана емес, оқытушылар үшін де ерекше сәт»,- дейді ұйымдастырушылар.
МЕРГЕН СҮЛЕЙМЕНОВ
М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚУ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ
Жыл сайын университеттен түлеп ұшқан студенттердің 98 пайызы жұмысқа орналастырылады. Білімін одан әрі арттыру мақсатында магистратура, докторантурада оқуды жалғастырады.