Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Махамбет университеті білім күнін атап өтті

c 17:26, 03/09 c 12

0:00 / 0:00

1-қыркүйек... Еліміздің барлық өңірінде білім беру ұйымдары өз есігін айқара ашты. Алғашқы қоңырау Орал қаласында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде де соғылды. Биыл оқу орнынан білім алушылар қатары көбейіп, 1677 талапкер қабылданған. Сапта тұрғандар сағына күткен «Білім күні» мерекесі туралы тілші тарқатсын.

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті - Қазақстандағы ең көне жоғары оқу орындардың бірі. 90 жылдық тарихы бар оқу ордасында сан мыңдаған ұрпақ білім нәрімен сусындап келеді. Университет кадрлар даярлаудың көп сатылы жүйесіне көшіріліп, білім жүйесі әмбебап мамандарды оқытуға бағытталған. Жаңа оқу жылында білім ордасына 1677 талапкер қабылданып, оның ішінде 774 студент грант иегері атанған. Университет қабырғасында олардың қатысуымен «Білім күні» аталып өтті.

Жиналған қауымды жаңа оқу жылының басталуымен университеттің ректоры Нұрлан Серғалиев құттықтады. Ол жастар еліміздің ертеңгі болашағы екенін атап өтіп, жемісті оқу жылын тіледі.

Бүгінгі таңда университетте 6 факультет пен 22 кафедра жұмыс істейді. Олар 70 бакалавриат және 33 магистратура бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды. Ғылыми-оқу орталығында білім алуға талапты әрбір жас түлек қалаған мамандығын таңдап, оқуға құжат тапсыра алады.

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті шет елдік жоғары оқу орындарымен тығыз халықаралық байланыста. Атап айтсақ, Германия, Ұлыбритания, Ресей, Польша, Қытай, Түркия, Үндістан және басқа да бірқатар елдермен жастардың жарқын болашағы үшін ынтымақтастық орнатып отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.