Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мәслихат сессиясы

c 18:01, 23/09/2019 c 631

0:00 / 0:00

БҚО - да 389 дәрігер жетіспейді. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. Өңірдің бас дәрігері ақ халатты жандардың жетіспеушілігі келер 2 жылда толығымен жойылатындығын айтады. Ол үшін облыста резентурада оқитын мамандардың тәжірбие жинақтауы үшін арнайы бөлім ашылмақшы. Яғни, диплом алған мамандар ауруханада жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 26 маман осы жүйе бойынша еңбектенуде.

Облыстық мәслихаттың кезекті 29-сессиясында 2016-2019 жылдар аралығында іске асып жатқан «Денсаулық" бағдарламасының аяқ алысы туралы денсаулық сақтау департаментінің басшысы есеп берді. Облыстың бас дәрігер өлім-жітімнің азайғанын, биыл ана өлімі тіркелмегендігін айтып, былтыр атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. Бағдарлама бойынша облыстың көрсеткіштері республикада үздік үштікке ілігіпті. Десек те, БҚО кадр тапшы. Қазіргі таңда 389 дәрігер қажет.

Облыстық мәслихаттың кезекті 29- сессиясында БҚО бюджеті бекітілді. Қыруар қаржының басым көпшілігі республикалық бюджет пен ұлттық қордан бөлінген. Нақтыланған қаржының соммасы 13,5 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ, мәслихаттың депуттатары міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының атқарған жұмысына қанықты.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.