0:00 / 0:00
Емельян Пугачев атындағы мұражайда "Масленица" мерекесі тойланды. Қысты шығарып салуға келген балалар ән салып, би билеп, арқан тартысып, мәре-сәре болды.
Облыс орталығында орналасқан Пугачев музейі осылай қысты шығарып салды. Олар "Шабыт" орталығының балаларымен бірге көңіл көтеріп, масленицаны тойлады. Жылдағы дәстүр биыл да өз жалғасын тапты. Масленицаға келген балалар түрлі аңыз-ертегілердің кейіпкерлері рөлін сомдап, өлең оқып, ән айтты.
Масленица-шығыс славян халқының мерекесі. Осы мереке қыстың соңғы аптасында тойланады. Бір аптаға жалғасқан масленицада көпшілік қонаққа барып, күн тәріздес бейнеленген құймақ пісіруі шарт. Масленицадан кейін христиан дінін ұстанатын жандар ауыз бекітеді.
Қыстың аяқталып, көктемнің келуін сипаттайтын мереке соңында жиналған бұқара қарақшы әйелді өртеп, құймақ жеп үйлеріне тарқасады.