Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Масленица" тойланды

c 17:17, 27/02/2020 c 1083

0:00 / 0:00

Облыс орталығында Емельян Пугачев атындағы музейде славян халықтары кең көлемде тойлайтын "Масленица" мерекесі аталып өтілді. Ертеден келе жатқан ғұрып бойынша бір апта бойы қыстың соңғы жұмасы мен наурыздың басында салт-жоралғылар мен көңілді шаралар өткізіледі. Масленицаның бір қызығы-дәмді құймақтар пісіру. Славяндықтардың дәстүрі бойынша мерекелік аптада керемет көңіл-күймен туған туыстарыңды аралап, көктемнің жеткеніне қуанып, думандатады.

Ертеден шығыс славян халқы қыспен қоштасып, көктемді қарсылау үшін "Масленица" мерекесін тойлайды. Әр елдің мәдениетіне байланысты бұл мереке түрлі атауға ие. Мәселен, Батыс Еуропа елдері бұл мерекені -Карнавал деп атайды. Мейрамның түрлі елде атауы өзге болғанымен, мағынасы бірдей. Масленница бір апта бойы тойланады. Аталмыш мереке Орал қаласында орналасқан Пугачев музейінде де аталып өтілді.

Мерекелік шараға қатысқан мектеп оқушылары түрлі өлеңдерін оқып, ән айтып, арқан тартысып, өзара күштерін сынап көрді.

Музейде өткен "Масленица" мерекесінде сабан қуыршақты өртеп, қыспен қоштасты. Пұтқа табынушылық заманынан келе жатқан наным-сенім бойынша, сабаннан жасалған қыс қарақшысы тез жанып кетсе, көп кешікпей көктем түседі-мыс. Ал, барлық Оралдықтар үшін қыспен қоштасуға арналған бұқаралық шара келер жексенбі күні 1-ші наурызда қалалық мәдениет және демалыс саябағында ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.