0:00 / 0:00
Денсаулық министрлігі маска тағуды сақтанбайды деп шағымданып жатқанда, шенеуніктер санитарлық норма тәртібін бұзуда. Әлеуметтік желіде Бурабайдағы IQanat High School-дың ашылуында жүздеген адамның бетпердесіз фотоға түскені қызу талқылануда. Фотода білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен кәсіпкер Айдын Рахымбаев та бар. Маска тағу режимін Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин де бұзды. Мәжілістің өткендегі жалпы отырысында спикер бетпердесіз отырды. Ал еліміздің бас санитары болса, маска тағу режимін бұзғандарға қатысты шара қолданылады деді.
Маска тағу міндет. Бұл бас санитардың пандемия барысында енгізген қатаң талабы. Ал бетперде тақпағандарға айыппұл салынады. Денсаулық министрлігі маска тағуды сақтанбайды деп шағымданып жатқанда, шенеуніктер санитарлық норма тәртібін бұзуда. Әлеуметтік желіде Бурабайдағы IQanat High School мектебінің ашылуында жүздеген адамның бетпердесіз фотоға түскені қызу талқылануда. Басым бөлігі бетпердесіз. Фотада білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те бар, бірақ министр бетперде тағып отыр. Ал оның жанындағы кәсіпкер Айдын Рахымбаев және тағы басқа адамдар маскасыз. Рахымбаев бұл бұған қатысты желіде түсініктеме беріп, фотоға түсетін кезде ғана бетпердемізді шешкен едік деп ақталды. Дегенмен, білім министрі қаншама оқушылармен түскен фотода масканы шешпеуді талап етуі керек еді деген пікірлер де жазылып жатты. Ал еліміздің бас санитары осы фото үшін министр жауап беретінін айтты.
Айжан Есмағамбетова – ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері "Біз ол жайында білеміз. Сондықтан тиісті шаралар қолға алынады. Бүгінде заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартудың нақты тәртібі бар. Осы оқиға да зерделеніп, заң бойынша шара қолданылады. Ішінде министрдің де болғанын білеміз"
Маска тағу режимін Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин де сақтай бермейді. Спикер өткен аптадағы палатаның жалпы отырысында бетпердесіз отырды. Бас санитардың айтуынша, тамыздың соңында қабылданған қаулы бойынша отырысты онлайн форматта өткізуге мүмкіндік болмаса, дәстүрлі түрде ұйымдастыруға рұқсат берілген. Бірақ бетпердені тағу міндет.
Айжан Есмағамбетова – ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері "Санитарлық ережелер бойынша бетпердені міндетті түрде тағу керек. Сонымен қатар, адамдар арасындағы арақашықтық сақталуы шарт. Негізі, мәжіліс пен сенат президенттің іс басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне қарайды"
Осылайша, заң алдында бай да, қара да бір. Сондықтан, маска тағу тәртібін бұзғандар лауазымына, мәртебесіне қарамастан жауап беретін болады.