Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МӘСІМОВКЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІМЕН КЕЛІСЕСІЗ БЕ?

c 09:33, 27/04/2023 c 82

0:00 / 0:00

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке тағылған айып әділ ме? Өздеріңізге мәлім, Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шығып, ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген Қылмыстық кодекстің 175 бабы бойныша сотталды. Өздеріңізге мәлім, Мәсімов қаралы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ретінде айыпталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы болып тұрған кезінде орынбасарлары болған Садықұлов, Ерғожин, Өсіповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Сот істі "өте құпия" деген белгімен қарады. Алайда, қоғамда Кәрім Мәсімовті 18 жылға соттау айыбы тым жұмсақ деген пікір айтылуда. Әлеуметтік желіні қолданушылар Мәсімов денсаулығына қатысты бостандыққа шығып кетуі мүмкін деген алаңдаушылықтарын да жарыса жазып жатыр. Осыған қатысты депутаттардың пікірін білген едік.

Қаралы қаңтар оқиғасын ұйымдастарған басты кейіпкер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов болып отыр. Жалпы прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушы ретінде 18 тұлғаның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдегенді. Қаншама жыл ел үкіметін басқарған. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді өкілі болған, одан қалды елдің қауіпсіздік саласын тізгіндеген Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасында бірден қамауға алынғанды. Араға бір жарым жыл салып, сот үкім шықты. Ол мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Мәсімовпен бірге оның үш орынбасары- Садықұлов, Ерғожин, Өсіпов те сотталды. Генерал атақтарынан, мемлекеттік наградаларынан айырылды. Мүлкі тәркіленді. Мемлекет кірісіне 10 миллиард теңге және 24 миллион АҚШ долларынан астам қаржы өндірілді. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ. Депутаттардың пікірінше, қаңтардағы қайғылы жағдайға жалғыз Кәрім Мәсімов ғана жауапты емес. Іс құпия түрде жүргізілгендіктен, бізге біраз ақпарат беймәлім болып отыр.

Айта кету керек, Мәсімовті тергеу барысында оның орынбасары болған экс-президент Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштен жауап алынғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Мәжілісмен Ермұрат Бәпидің айтуынша, Мәсімовтен өндіріліп алынған қаражат көлемі аз. Оның шетелде тыққан байлығы жетерлік.

Қоғамда Кәрім Мәсімовті 18 жылға соттау айыбы тым жұмсақ деген пікір айтылуда. Әлеуметтік желіні қолданушылар Мәсімов денсаулығына қатысты бостандыққа шығып кетуі мүмкін деген алаңдаушылықтарын да жарыса жазып жатыр. Себебі, оысдан бес күн бұрын Кәрім Мәсімовтің ресми сайтында оның денсаулығ нашарлады, айыпталушы сотқа жете алмауы мүмкін деген ақпаратқа жарияланды. "4 сәуірде Джонс Хопкинс университетіндегі Кәрім Мәсімовтың дәрігері, доктор Эрнест Браун Мәсімовтың ерте өлімінің қаупі жоғары деген ұйғарым жасады. "Кәрімді одан әрі қамауда ұстау оның инфаркттан немесе инсульттан ерте өліміне әкеліп соғады", – делінген сайттағы жарияланымда. Алайда, депутаттар Мәсімов өмірінің соңына дейін түрмеде отырады дейді. Тіпті прокурор оған тағайындалған жазаны қатаңдатуды талап етуі де мүмкін.

Мәжілісмен Құспанның айутынша, Кәрім Мәсімовтің айыбында шартты түрде босату қарастырылмаған. Ол аса ауыр айыппен сотталып отыр. Мәсімов шартты түрде жазаға ауыстырылмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.