0:00 / 0:00
Облыс орталығында масаны улау жұмыстары басталды. Улау жұмыстары күзге дейін ұйымдастырылмақ. Тендерді ұтып алған компания өкілдері: "Улау жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 300 гектар жерді улап үлгердік", -дейді. Мамандар қала мен облыс орталығының маңында орналасқан елдімекендерде дезинсекция жұмыстарын ұйымдастыруы керек. Жоспар бойынша у бүркілетін жалпы аумақ 13 мың гектардан асады.
Жалпы зиянкестерді улау жұмыстарының баршасы қыркүйекке дейін жүргізілмек. Қазіргі таңда мамандар орман алқабында орналасқан аумақтарда масаның дәрнәсілдері бар-жоғын тексеріп, кейін улауға кіріседі.
Маса улау үшін қазынадан 93 млн. теңгедей қаражат бөлінген. Мамандар Орал қаласы мен оның іргесінде орналасқан елдімекендерде улау жұмыстарын жүргізеді.
Мамандар улаудың бірінші кезеңінде ресейлік бакциоцит деген өнімді қолданады. Екінші кезеңде қолданылатын дәрілік зат Қазақстанда өндіріледі екен.