0:00 / 0:00
Облыс орталығындағы №7 мектеп ауласына ішімдік ішкен ер адам кіріп кетіп, оқушыларды қорқытқан. Оқиға жұма күні түс ауа болған. Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар белгісіз тұлғаның үстінен ПД-не арыз түсірген. Өздеріңіз көріп тұрғандай белгісіз тұлға мектеп ауласында ішімдік ішіп, емін-еркін сайран салып жүр. Құдды бір өз үйінің қасында жүргендей әсер қалдырады. 7 мектеп ұжымы мәселеге қатысты түсінік берді.Ал ата-аналар болса өрескел қылық көрсеткен ер адам бұған дейінде бірнеше мәрте көзге түскенін жеткізді.Аталмыш жағдайға қатысты ПД мәлімдеме жасады. 1985 жылғы ер адам ішідік ішкен күйі ұсталған.
Ата-аналардың наразалығын тудырған күдікті әлеуметтік желі арқылы тұрғындардан кешірім сұрады.
Оралдықтар балалардың зәресін алған әумесердің бұған дейін бірқатар кәсіпкерлік нысандарына мас күйде кіріп кеткенін әлеуемттік желілерде жарыса жазуда.