0:00 / 0:00
Зашаған кентіне қарасты Рыбцех ауылының тұрғындары қалаға қатынай алмай отырмыз деп шағымдануда. Аталмыш ауыл мен облыс орталығын №17 маршрут жалғайды. Аталмыш маршрут төтенше жағдай орнатылған кезде, жүруін тоқтатқан. Қазір ауыл тұрғындары төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, біртіндеп қалаға жұмыстарына оралып жатыр. Алайда қалаға қатынау қиындық тудыруда.
Бұл-қалаға қарасты Рыбцех ауылы. Аталмыш ауылдың тұрғындары төтенше жағдай алынғаннан кейін, қалаға мүлдем қатынай алмай отырмыз деп шағымданып отыр. Осы ауыл мен қаланы тек №17- маршрут байланыстырады. Тұрғындар жолаушы тасымалдаушы көліктер төтенше жағдай аяқталғанына біраз болғанына қарамастан әлі күнге дейін жүрмегенін айтып налыйды.
Тұрғындар жұмысқа жету үшін №6 көліктің соңғы аялдамасына барып, автобусқа отырады. Ол үшін кемінде 2-3 шақырымды бағындыру қажет. Ауыл тұрғындары үнемі такси жалдап жүру қалтаны қағады,-дейді. Төтенше жағдайға дейін №17 маршрут ауылға 5 рет арнайы кесте бойынша бірлі-жарым қатынап жүрген. Тұрғындар автобус келмесе қалаға жаяулап жетеміз,- дейді.
Тұрғындардың талабын жергілікті тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігіне жолдап, қашан автобустың қатынайтындығын сұрап көрдік. Мамандар бір шағын маршрут күніне 4 рет қатынайтынын хабарлады.
Рыбцех пен қаланы жалғайтын маршрут уақытылы жүріп, халық үніне құлақ асатын мемлекетте тұрғындардың талабы орындалады деп сенеміз.