Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Марапатқа ие болғандар

c 17:31, 28/08/2018 c 1381

0:00 / 0:00

Облыс әкімі Қазақстан Республикасын Конституция күнімен құттықтады. Мерекелік жиын барысында ел еңбегі үшін, өңірдің дамуы үшін елеулі еңбек еткен жандар Астананың 20 жылдық медалімен марапатталды.

Ата заңымыздың торқалы тойына орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға өңірімізде қызмет жасайтын шенді-шекпенділер мен еңбек ардагерлері қатысты. Жиында сөз алған облыс әкімі еліміз үшін, тәуелсіздік үшін ең маңызды құжат саналатын Ата заңымыздың мән-маңызына тоқталып, өңіріміздің ілгері дамуын жіпке тізді. ХХ ғасырдың аяғында алған тәуелсіздіктің арқасында бүгінде қазақ елін күллі әлем танып, Қазақстанның даму жолын мойындап отыр. Қазақстандықтарды толғандырған мәселелер біртіндеп өз шешімін тауып келеді. Мәселен, қазақтың соңғы хандығы орналасқан Бөкей Орда ауданына келер 3 жылдың ішінде 330 шақырым жерге тақтайдай жол төселмек. Бұл да тәуелсіздіктің жемісі мен жеңісі.

Ата заңымыздың құрметіне арналған жиында Елбасының жарлығымен түрлі жылдары ел дамуы мен гүлденуі үшін қызмет жасаған еңбек ардагерлері мен еңбек жолы көпке үлгі боларлықтай азаматтар Астананың 20 жылдық мерей тойына арналған медалімен марапатталды.

Салтанатты жиында сөз алған тұлғалар ата заңның үстемдігін, оның құдыретін тілге тиек етіп, жүрек жарды құттықтауларын жеткізді.

Елімізде алғаш рет конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Қазіргі қолданыста жүрген ата заңымыз 1995 жылы 30- тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданып, қыркүйектің бесі күні өз күшіне енді.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.