Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛДЫ

c 15:28, 04/02/2021 c 569

Маңғыстаулық дәрігерлер өз еркімен "Спутник-V" вакцинасын ала бастады. Коронавирусқа қарсы алғашқы екпені Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері алды. Ерікті түрде иммундауға облыс әкімінің орынбасары да келді. Алайда ақ халаттылар Гүлмира Қалмұратоваға екпе салудан бас тартты.

Екінші кезекте ерікті түрде жедел жәрдем қызметкерлері мен жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері егіледі. Айта кету керек, вакцинаны алатын адамның профилактикалық вакцинацияға қарсы көрсетілімдері болмауы тиіс. Сондықтан екпе салмастан бұрын дәрігерді міндетті түрде тексереді.

ЖӘНІБЕК АЖМҰХАНОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
"Дәрігер ретінде екпе алу дұрыс деп санаймын. Бірнеше минут бұрын маған вакцина салды. Өзімді жақсы сезінемін. Халықты вакцинациядан бас тартпауға шақырамын".

Жәнібек Ажмұхановтың айтуынша, екпе алған барлық дәрігер өздерін жақсы сезінеді. Ешкімде жанама әсерлер байқалмаған.   Дәрігерлерден бөлек, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова вакцинаны өз еркімен алуға шешім қабылдады. Алайда медициналық көрсеткіштер бойынша екпені салу кейінге қалдырылды.

ТОҒЖАН НҰРТАЗАЕВА, №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ДӘРІГЕРІ:
"Екпені салмас бұрын пациент тексеруден өтті. Тексеру нәтижесінде медициналық қарсы көрсетілімдері бар екені анықталды.  Жақсарғаннан кейін екпені ала алады. Бұл жерде асығыстық танытпау қажет".

Маңғыстау облысында 10 екпе кабинеті дайын. Жалпы вакциналарды сақтайтын  9 камера дайындалған. Мамандардың айтуынша, камера  жетіспеушілігі жоқ.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.