Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Мәңгілік ел" командасы жеңімпаз атанды

c 17:48, 23/08 c 17

0:00 / 0:00

"AQ JOL" демократиялық партиясы өңірлік филиалының ұйымдастыруымен “AQ JOL JUNIOR CUP 2024” Батыс Қазақстан облысының пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті. Отыздан аса команданың ішінен суырылып оза шапқан "Мәңгілік ел" тобы республикалық кезеңге жолдама алды. Бұл Қазақстанның «AQ JOL» демократиялық партиясының облыстық филиалы мен Жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген алғашқы пікірсайыс. Оған 30-дан аса командада өзіндік ойлары бар 100- ден аса белсенді жас қатысты. Еліміздің дамуына қатысты өзіндік ойы бар оза шапқан “Мәңгілік ел” мүшелері Айымбек Сарымсақов және Арнұр Мақсотов жеңімпаз атанып, қаржылай 80 мың теңгенің жүлдегері атанды.
"Жайық жастары" арасында пікірсайысының облыстық кезеңі қаламыздағы ЖОО-ның бірінде өтті. Республикалық бәсеке алдағы күз айына жоспарланып отыр. Төрешілер «сен тұр, мен атайын» деген жалынды жастардың ішінен үздікті анықтау қиынға соқты дейді.16 фракцияның ішінен үздік 3 үш фракция анықталды: 2 орын “Қайырымды қала тұрғындары”, ал үшінші орын “Бұйырғаныға” бұйырды. Осы жеңімпаздар тағы бір мәрте өзара бақ сынап, үздігі республикалық кезеңде облыс намысын қорғайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.