0:00 / 0:00
8-шы мамырда қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанова оқыған кешкі аусымды жалпы білім беретін мектебінде мемориалды тақта ашылмақшы. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев мәлімдеді. Облыс әкімінің орынбасары мамыр айында тойланатын мерекелерге тоқталды.
Биыл төтенше жағдайға байланысты мамырдағы бірнеше мереке жылдағыша тойланбайтын болды. Сала мамандары осылайша вирустың таралуына тосқауыл болып, індетпен күреспекші. Мамырда тойланатын әрбір мерекенің орны бөлек. Сала мамандары биылғы жағдайды ескере отырып, іс-шаралардың жоспарын бекітіпті. Мәселен, 8-шы мамырда "Халық қаһарманы" Хиуаз Доспанованың оқыған мектебінде арнайы мемориалды тақта ашылмақ.
9-шы мамырда Орал қаласында орналасқан 5 ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі жоспарланып отыр. Және "Жеңіс" алаңында 3 шараға старт берілмек.
Мереке күні аудан орталықтары мен ауылдарда ардагерлерге арналған ескерткіштерде гүл шоқтарын қойып, батырлардың рухына тағзым жасалмақ. Және мемлекет басшысының, облыс әкімінің құттықтау хаттары мен естелік сыйлықтары ҰОС ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне табысталады.
Сурет ғаламтордан жүктелді.