Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МӘМС ЖАРНАЛАРЫНЫҢ 50% ҚАЙТАРЫЛА МА?

c 09:14, 17/05/2023 c 218

0:00 / 0:00

Мәжіліс депутаттары медициналық ұйымдарға жүгінбеген қазақстандықтарға Міндетті медициналық сақтандыру қорына төленетін жарнаның жалпы сомасының 50 пайызын қайтаруды ұсынды. Депутат Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов пен денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа жолдаған сауалында Міндетті медициналық сақтандыру қоры аясындағы кемшіліктерді тізіп шықты. Алайда, денсаулық сақтау министрі қорға түскен жарнаның жартысын қайтару мүмкін емес деп отыр.

Міндетті медициналық сақтандыру қоры жүйесі қосылғаннан бері қазақстандықтар тапқан табысының бір бөлігінен жарна аударып отырып,сапалы медициналық көмек ала алмай отырмыз деп шағымдануда. Депутат Асхат Рахымжановтың айтуынша, шенеуніктер "жарқын болашаққа" уәде бергенімен, елде адамдар сапалы медициналық қызметті уақытында алма алмағындықтан өлім саны артып отыр. Ал жұмыссыз жүрген халық тегін медициналық көмектен құр қалып жатыр.

АСХАТ РАХЫМЖАНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ "Қазақстанда әрбір алтыншы адам міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып жатыр. Басым көпшілігі ауыл тұрғындары. Оларға медициналық қызмет көрсетуден бас тартып отыр. Себебі біздің азаматтар өз елінде ақшасы болмаса ешкімге қажет емес. Жұмыс жоқ, ақша жоқ. Олигархтар ауылдарды тонап болды. Ауыл тұрғындары, шын мәнінде басыбайлы режимдегідей, еңбек шартын тіркемей жұмыс істейді. Сондықтан емханаға қабылданбайды, өйткені олар үшін осы медициналық сақтандыру қорына ешкім қаражат ұстамайды"

Депутаттың келтірген мәліметіне сүйенсек, Қазақстан сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 89 ел ішінде 82-орында тұр. 15 пайыздан аспайтын қазақстандық ғана МӘМС жүйесін пайдаланады. Ауырсаң да, ауырмасаң да осы жарнаны төлейсіз. Бұл орташа алғанда жылына 170 000 теңге. Мәжілісмен Рахымжанов үкіметке бір жыл бойы бірде-бір рет дәрігерлерге бармаған қазақстандықтарға міндетті медициналық сақтандыру бойынша шығындардың 50 пайызын өтеуді ұсынды. Депутаттың ұсынысына қатысты еліміздің бас дәрігері Ажар Ғинияттың пікірін білген едік. Министр биыл бұл адам ауырып-сырқамаса, онда жылына орта есеппен түсетін 100 мың теңгенің 50 мың теңгесін оған қайтару қарастырылмаған. Себебі келер жылы оған 1 млн теңгенің медициналық көмегі қажет болатын шығар. Сондықтан бұл көмек барлығына бірдей қол жетімді болуы үшін қаражат қайтарылмайды», - деді. Дегенмен Ажар Ғиният ханым МӘМС жүйесіндегі кемшіліктердің барын мойындап отыр.

Мәжіліс депутат Асхат Рахымжановтың айтуынша, МӘМС қаражатын пайдалану бойынша толық аудит жүргізу қажет. Медициналық қызмет тарифіне не кіретіні тіпті шенеуніктерге де құпия. Тарифтердің қалай есептелетінін Қаржы министрлігі де білмейді. Денсаулық сақтау министрлігі тарифтерді көтеру бойынша барлық шешімдерді тәуелсіз сараптамасыз өз бетінше қабылдайды. Бұл жерде тек бақылаушы органдарға ғана емес, барша қазақстандықтарға көбірек ашықтық қажет дейді ол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.