0:00 / 0:00
Өздеріңізег мәлім, 2025 жыл-жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Үкімет жұмысшы мамандардар тапшылығын шешу үшін колледжердегі білім беру сапасын көтеруге кіріспек. Яғни министрлер кабинеті еліміздегі кәсіби білім беретін оқу орындарында білім сапасының төмен екенін мойындап отыр.Колледждердегі білім сапасын көтеруге жан басына шаққандағы қаржыландыруға республикалық бюджеттен 58 млрд теңге бөлінді.
Оқу-ағарту министрінің айтуныша, жұмысшы мамандықтар жылы өтетін шараларға 20 өңір мен 13 мүдделі министрлік атсалыспақ. 7 бағыттан тұратын 70 іс-шара қамтылмақ. Министр Бейсембаев колледждердегі білім сапасына метариалдық-техникалық жабдықтау базасының нашарлығы әсер етуде. 270 мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту қажет дейді.
Бұл мәселені министр алдағы екі жылда шешемін деп сендіреді. Сондай-ақ, колледж студенттерін жатақханамен қамту мәселесі тағы бар. Жатақхана тапшылығы 6 мың орыннан асып отыр . Еліміздің мегаполис қалалары мен Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы колледжерде де жатақхана мәселесі толық шешілмеген. Өз кезегінде үкімет басшысы құзырлы органдарға техникалық білім беру жүйесінің реформасын жасау қажет деді.
Үкімет кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған жол картасын қабылдады. Бүгінде елімізде 772 колледж жұмыс істесе, онда 565 мың студент оқып жатыр.