0:00 / 0:00
БҚО мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топқа үкім шықты. Сотталғандар 3 жыл бойына Қаратөбе ауданында мал ұрлап, ірі қараның етін Орал мен Ақтөбе қалаларында саудалап келген. Үш адамнан құралған топ қылмысын кіші Қоскөл ауылында жасаған. Баукеспелер 2015 жылдан бастап, 2018 жылдың қараша айына дейін 22 рет барымташылыққа барып, 36 адамға тиесілі 118 бас ірі қара мен 26 жылқыны қолды қылған. Құқық қорғау саласының мамандары әккі ұрылардың кесірінен жәбірленушілер 28 млн теңгедей шығынға батқан,-дейді. Сот үкімі бойынша қылмыскерлер 7-8 жыл бас бостандығынан айырылып, бір адам бес жыл шартты жазаны арқалапты.