Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мал шаруашылығын дамытудың заманауи әдістері!

c 00:00, 18/03/2015 c 914

0:00 / 0:00

Бүгін БҚО-ның Зеленов ауданында осы тақырыпқа арналған шеберлік класы өткізілді. Аймаққа Ресей федерациясынан келген ғалымдар мен мамандар ірі қара басын қолдан ұрықтандырудың басымдылықтарын көрсеткен шараға Жәңгір хат атындағы БҚАТУ-нің студенттері мен оқытушылары да қатысты. Себебі бұл тәжірибенің жетістіктерін болашақта осы оқу орнында білім алған жастар жалғастыруы тиіс. Асыл тұқымды мал тұқымын алу үшін қолдан ұрықтандырудың тиімділігі оның арқасында мал басы қысқы уақытта төлдейді.Қазақтың ақ бас сиырларын Уругвая мен Канададан әкелінген аталық мал ұрығымен будандастыру қолға алынып отыр. Табиғаты өте шұрайлы БҚО-да ауыл шаруышлығының 60 пайызын мал шаруашылығы құрайды. Жаңа тәсілмен 100 бас сиырдан 80 бас бұзау алынса, бұл жетістікті көрсеткіш болып табылады. Аналық малдың салмағы оның нәтижесінде 500 келі болса, аталық мал 1тонна 200 келіге дейін тартады. Ғылымның жетістіктерін пайдалану үшін тәжірибе алмасуға келген бұл мамандар Орынбор агарлық университетінің мамандары. Олар тіпті ультра дыбыстық зерттеу құрылығысының көмегімен төлдің жынысын анықтай алады. Бұл әдісті болашақта жалғастырып, іске асыруға БҚАТУ -нің студенттері де ынталы. Сондықтан олар да осы шеберлік класына қатысты. БҚО-да 2015 жылдың бірінші каңтарындағы есеп бойынша 456 мың бас ірі қара, 886 мың бас қой, 115 мың жылқы бар. Қолдан ұрықтандырудың бұндай жолымен жасалған істің 80 пайызында оң нәтиже алынған екен. Биылғы жылы мал шарушылығына жылдағыдайн 2 есеге көп қаржы бөлініп отыр. Бұлайша қолдан ұрықтандыру тәжірибесінің 80 пайызында оң нәтиже алынған. Сондықтан біздің өлкеде де осы әдіспен жоғары көрсеткіш алу көзделіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.