0:00 / 0:00
БҚО 5000 бас мал бордақылайтын алаң бой көтереді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары Қазталов ауданына қарасты Талдыапан ауылдық округінің Қайшықұдық атты ауылында жүзеге асып жатыр. 5000 басты өсіріп, етін экспорттайтын кәсіпкер өзі мал өсіру жұмыстарын биыл қазанда бастамақ. Ірі көлемде мал бордақылауды жоспарлап отырған кәсіпкердің жобасы облыста бірінші рет қолданылмақ. Бұл жоба Қостанай облысында өз нәтижесін берген. Мал өсіру ісін қолға алған инвестор осы жобаны іске асыру үшін 2,5 млрд теңгедей қаражатын жұмсапты. Жаңа технология арқылы мал өсіруді қолға алған кәсіпкер ауыл және барлық облыстың шаруаларынан мал сатып алып, оны 9 ай бой баптап, кейін ішкі нарықта саудалап және шетелге экспорттауды көздеп отыр.
Қазіргі таңда атқарушы билік инвестор сұраған 55-лиманды тазартыпты. Оның арқасында ол 500-дей гектар жерге мал азығын егіп, электронды бақташыны қолданбақшы.
Келер жылдан бастап, мал бордақылайтын алаңның қуаттылығы 20000 мыңға дейін артпақ. Жаңа нысанда 45 азамат жұмысқа орналасады.