Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мал азығын жинау қарқынды

c 17:10, 14/08 c 18

0:00 / 0:00

Қыстың қамын- жаз ойла!
Казталов ауданында мал азығын жинау ісі қарқынды жүзеге асып жатыр. Көктемде ауа райының қолайсыздығы мен киік мәселесі біраз шаруаны әбігерге салғаны рас. Аудан билігі шаруалар мен тұрғындарды шөппен қамтамасыз ету үшін арнайы жер учаскесін бөліп берді. Кез-келген казталовтық тұрғын мал азығын жинай алатын мүмкіндікке ие. Биыл Бостандық пен Талдықұдық ауылдарында шабындық мол. Қазіргі таңда Талдықұдық ауылында шөп шабу науқаны қызған.

Талдықұдық ауылында казталовтық шаруалар мал азығын жинауға білек сыбана кіріскен. Жиырма күн бойы таңнан кешке дейін жұмыс істеп жүрген жанның бірі -Талғат Әменов.

Талдықұдық ауылында 12 мың гектар жер бар. Оның 5 мыңы шаруалар мен тұрғындарға шөп шабуға берілген. Қазіргі шаңда шөбі шүйгін Талдықұдық ауылының шаруалары қысқы мал азығының 50 пайызын жинап үлгерген. Олар қалған шөпті тасып жатыр.

Мал шаруашылығына бейімделген Казталов ауданында биыл 325 мың 700 тонна шөп жинау жоспарланған.

Қазіргі таңда аудан көлемінде 1300-ден астам аула қысқы мал азығын жинап үлгерген. Толыққанды тұрғындарды мал азығын қамтамасыз ету үшін 156 мың бума шөп қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.