Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мақсатсыз бизнес

c 18:40, 20/01/2020 c 739

0:00 / 0:00

Балабақша саламын деп, мейрамхана ашып алдағандар белгілі болды.  Кәсіпкерлікпен айналысамын немесе бизнесін дамытамын деп «Даму» қоры арқылы шағын несие алғандар арасында қаражатты мақсатсыз пайдаланғандар анықталды. Осының салдарынан қор 2,2 млрд теңгені қайтарып алған.

Елдегі кәсіпкерлікті дамыту үшін алдағы үш жылда салықтан босату, шағын  бизнесін  бастауға жеңілдетілген несие беру шаралары қамтылып жатыр. Бұл орайда кәсіпкерлікке үйрету, бизнесті бастауына несие беру шаруалары «Даму» қоры арқылы өтеді. Кәсіпкер осы қорға бизнес-жобасын ұсынып, шаруасын бастауға мүмкіндік алады. Бұл орайда мемлекет басымдық беретін жобалар қолдау табады. Өкінішке орай, қорды алдамақ болғандар да жоқ емес. Балабақша саламын деп, жеңіл несиені алып, мейрамхана соғып алғандар бар.  Өткен жылы осындай 20 қарыз алушы қаражатты мақсатсыз пайдаланған.

Фархат Сәрсекеев- «Даму» қорының басқарма төрағасының орынбасары; «Біздің қарыз алушылардан қаражатты мақсатсыз пайдалану бойынша 2,2 млрд теңге қайтарылды. Мәселен, бір өтініш иесі мектеп немесе балабақша салуға өтінім беріп, оның нысаны құрылыс барысында ол мейрамханаға немесе дәмханаға айналып кеткен. Алайда мемлекеттік қолдау тұрғысынан мейрамхана немесе дәмхана басымдыққа ие сала емес. Тиісінше, мұндай жағдайда өтініш иесіне бас тартуға тура келеді».

Мысалы, мемлекет қажетті тауар түрлерін сырттан таси бермей, отандық өнімді шығаруға басымдық жасап, оған жеңілдетілген несие береді. Бұл орайда да өз ісіне адалдық жасамай, жоспарын өзгертіп жіберіп жатқан бизнесмендер де бар. Сондай-ақ, жұмыс орындарын ашып, салық төлеу жағынан міндеттемелерін орындай алмай отырған да анықталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.