Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мәдениет майталмандары марапатталды

c 18:05, 21/05 c 2

 

"Атамекен" өнер ордасында ұйымдастырылған мерекелік кеште өңірдің мәдениет пен өнер саласына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтары марапатқа ие болды. Жиын барысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандарына ерекше құрмет білдірді. Өз сөзінде аймақ басшысы облыста мәдениет пен өнерді дамыту бағытында жүзеге асып жатқан жұмыстарға тоқталып, жобалар мен бастамалар туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ өңірдің мәдени әлеуетін арттыру жолында еңбек етіп жүрген сала мамандарына көрсетіліп жатқан қолдау мен жасалып жатқан жағдайларды да атап өтті. Облыс әкімінің айтуынша, мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге, материалдық-техникалық базаны жаңартуға және шығармашылық бастамаларды қолдауға айрықша назар аударылып отыр.
Салтанатты кеш аясында Ел Президентінің атынан бірқатар сала қызметкерлері Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ ұзақ жыл аталған салада еңбек еткен ардагерлерге де лайықты құрмет көрсетілді. Марапат иелерінің бірі - оБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ СОЛИСІ, композитор - Жаскелең Ғайсағалиев. Өнер иесіне "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді.

Бұдан өзге, шара аясында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония жанындағы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің 25 жылдық мерейтойына орай Ұлттық мәдениетімізді дамытуға қосқан үлесі үшін оркестр ұжымы Президенттің Құрмет грамотасына ие болды.

Мәдениет пен өнер – қоғамның рухани деңгейін көрсететін басты сала. Өнер ұжымдарының қажырлы еңбегі мен талантын ұштастырып, халық игілігі үшін қызмет етіп келеді. Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Бұл – өнер адамдарына көрсетілген шынайы алғыс пен құрметтің белгісі болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.