Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мәдени орындарда санитарлық талаптар сақталмайды

c 16:39, 10/11/2021 c 2107

0:00 / 0:00

Тәж тажал індеті әсіресе, қарияларға қатер төндіріп тұр. Облыста коронавирус кесірінен қаза тапқандардың 84%-ы егде адамдар. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков облыс әкімі Ғали Есқалиевтың төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында мәлім етті.Облыс бойынша вакцина алғандардың 13%-ы жасы алпыстан асқандардың үлесінде. Нақтылап айтқанда, осы санаттағы 92 021 адамның 31%-ы ғана екпе алыпты. Медициналық бригадалар көмегімен 5 мыңға жуық қария вакцинаны үйде қабылдаған. Бірақ карантиндік шектеулер жеңілдегелі көпшілік шоғырланған жерлерде санитарлық талапқа салғырт қарау күшейіп келеді. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Мұстаев мониторинг топтары қоғамдық тамақтану орындары мен сауда үйлеріндегі тәртіпті қадағалауға ден қоюы керектігін атап өтті.Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотовтың мәліметіне сүйенсек, өңірде 4 173 объекті «Ashuq» мобильдік қосымшасымен жұмыс істеуде. Биылғы 26 сәуірден бері «қызыл» мәртебемен жүрген 1196, «сары» дәрежедегі 770 адам «Ashuq» сүзгісіне тұтылған. Әсіресе, Орал қаласы мен Бөрлі және Бәйтерек аудандарында карантиндік шектеуге көз жұма қарайтындар көп.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.