Салтанат сарайында "Шекаралас ынтымақтастық мәдени кеңістіктің көкжиегі" халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Аталмыш жиынға көрші Ресей елінен келген делегаттар, елімізге белгілі тарихшы ғалымдар мен оқытушылар қатысты. Жиын барысында екі елге ортақ тарихи жәдігерлерді анықтау мен зерттеу мәселесі талқыланған еді.