Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«MADE IN KAZAKHSTAN»

c 19:48, 13/08 c 35

0:00 / 0:00

Өнеркәсіп және құрылыс министрі үкіметтің отырысына көз қуантатын, әдемі сандары тізбектелген баяндамамен келіпті. Министр биыл 1,3 трлн теңгені құрайтын 180 жоба жүзеге асады. Жыл басынан бері 158 млрд теңгеге 43 жоба іске қосылып, екі мыңдай жұмыс орны ашылды деп сендіреді. Өңірлерде КазАзот аммоний сульфаті, энергия үнемдейтін шыны шығаратын кәсіпорын, мұнай газ жабдықтар өндірістерін шығаратын жобалар іске қосылыпты. Осылайша импортпен келіп жатқан тауар түрлеріне алмастырамыз дейді Шарлапаев. Ал жыл соңына дейін керамикалық плиткалар өндірісі, жүк автокөліктерінің компоненттері, теміржол вагондарына арналған пружиналар шығармақшымыз. Бұл отандық өнім болады деп отыр министр. Алайда, өздеріңізге мәлім, Қазақстанда жиналатын автокөлік саймандары түгел сырттан келеді. Таяуда Шарлапаев Қарағандыдағы кәсіпорында атвокөлік орындықтары мен дөңгелектерін шығарып жатырмыз деп мәлімдегенді. Бірақ қоғам белсендісі Санжар Боқаев әлеуметтік желіде ондай өнімді іздеп таба алмадып деп мәлімдеді. Бұл сұрақты журналистер алдымызға шыққан министрдің өзіне қойды. Шарлапаев ол дөңгелектер өндіріс орнында болмаса, ендігі тұтынушыға сатылып кеткен деген жауаппен қатырды.

Ал отандық өндірушелрді қолдау үшін ен жасалып жатыр? Қазақстандық өндірушілер тізбесін жасау үшін цифрлық құралдарға басымдық берілмек. Бұл шынайы өндірушілерді анықтауға мүмкіндік бермек . Мысалы, кәсіпорынның қуаттылығы, қызметкерлердің саны туралы және басқа да деректерді жинап, шынайы өндірушілерді іріктейміз, - дейді Қанат Шарлапаев. Бұған елде жалған кәсіпорындардың болуы себеп. Премьер-министр жалған өндірушілердің барын білеміз. Олар осы реестрге кірмеуі керек, - деді. Ал елде бар тауар түрлерін импорттауды тежеу керек.

Отандық өндірушілерді қолдау шараларын жүзеге асыруда министрлер мен әкімдердің жауапкершілігі бөлек әңгіме.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.