Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-і бірінші курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдады

c 18:05, 21/10/2019 c 941

0:00 / 0:00

Күні кеше өңіріміздегі маңдайалды оқу орындарының бірі - М.Өтемісов атындағы БҚМУ-і бірінші курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдады. Мерекелік шара жылдағыдан өзегерек Мұз айдыны спорт сарайында ұйымдастырылып, қазақстандық жұлдыздар да өнерлерін көрсетті. Кеш қонақтары - жас өрендер қызықты да, бақытты кез студенттік шақтың басталғанын енді сезінгендей болды. Тағылымды тәрбие мен өрелі білімнің іргелі ордасы атанған - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті биылғы оқу жылында 1400-дің үстінде студент қабылданды. Салтанатты жиында сөз алған университет ректоры Нұрлан Серғалиев:" Қазақстандағы көшбасшы оқу орнына түсулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, білім алу жолындағы сапарларыңыз сәтті болсын!",- дей келе, «Білім» атты ғажап әлемнің сырларын бойға дарытуға келген 1-курс студенттеріне сәттілік тіледі. ХХІ ғасыр - жаңалығы желмен жарысқан, ой өрісі ғарышпен таласқан білімді жастардың ғасыры. Өмірдің жаңа парақтарын енді ашқан студент жастардың қазіргі қалауы - зерек те зейінді, алғыр да тапқыр, білгір де білікті болу. Жүректерді ән-жырға бөлеген керемет кеште студенттерден өзге университеттің профессор-оқытушылары мен есімі елге белгілі түлектері қатысып, жекелей өнерлерін көпшілікке паш етіп, студент жастарға ұмытылмастай кеш сыйлады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.