0:00 / 0:00
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі үшін ату-шулы LRT – оңай шаруа болмай тұр. Бұл жайында әкім Алтай Көлгінов, журналистермен өткен онлайн баспасөз-маслихатында айтты. Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елордада жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 млрд теңгені ұрлау фактісі бойынша істі сотқа берген болатын. Осы іс бойынша күдіктілер халықаралық іздеуде.
Халық арасында жемқорлық ескерткіші деп аталып кеткен –аяқсыз қалған LRT жобасының сұр бағандары қаланың көркін бұзып әлі тұр. Сонау 2011 жылы 42 шақырымды құрайтын үш жолақты жеңіл рельсті көлік жолын салу жоспары болған еді. Алайда, елордалықтардың жер үстіндегі метро жолымен жүретін болдық деген қуанышы су сепкендей басылды. Құрылыс басталуы басталып, ақша жемқорлармен қолды болып, тоқтап қалды. Әу баста Қытайдың коммерциялық банкінен 20 жылға несие алынып, 800 млн доллар артығымен төлейтін болғанды. Алайда, бұл жоба аясында млрдтаған соманы жымқыру орын алып, әкімдік ол несиеден бас тартып, қазақстандық банктен қарыз алып, құрлысын жалғастырмақ. Журналистерді жеңіл рельсті көлік жолын салуға БЖЗҚ мен Ұлттық қордың қаражатын тарту көзделген бе деген сұрақ мазалады. Әкім бұған зейнетақы қорынан да, Ұлттық қордан да қаражат тарту мәселесі қаралмаған және қаралмайды. Бастапқыда алғашқы инвестициялық қаражат Қытай даму банкінен алынды. Бұл – сырттан тартылған қаражат. Сондықтан олар валютада қарастырылған, - деген жауабын айтты. Нұр-Сұлтанға әкім болып келгелі жыры бітпей қойған ЛРТ жобасы Көлгінов үшін оңай шаруа болмай тұрғанға ұқсайды.
Сәтсіздікке ұшыраған ЛРТ жобасы бойынша жол құрылысы 22 шақырымға қысқартылған болатын. Жеңіл рельсті көлік жолы Назарбаев әуежайынан Нұрлы жол вокзалына дейін жүргізілмек. Тоғыз жыл бойы салынып, бітпей қойған ЛРТ жобасына қатысты 5,8 млрд теңге ұрлау фактісі бойынша іс сотқа жолданды. Күдіктілер халықаралық іздеуде.