Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЛЕГИОНЕРЛЕРДІ ШАҚЫРУ ТИЫЛА МА?

c 17:56, 14/11 c 8

0:00 / 0:00

Ел спортында қордаланып қалған мәселе шаш-етектен. Париж олимпиадасы отандық спортшылардың дайындығының төмен екенін көрсетті. Сол үшін экс-спорт министрі Маржықпаев қызметінен кеткені мәлім. Ал сырттан әкеліп, қыруар айлық төлеп отырған легионерлер де нәтиже бермей жатыр. Депутаттардың айтуынша, бюджеттің бүйірін теспей сорып, спортқа бөлінген қаржыны мақсатсыз жұмсауды тоқтату керек. Себебі спортқа қыруар ақша бөлінгенім, кемшілік көп екенін ел көріп отыр. Бір қызығы Қазақстанда сіз бен біз естімеген 180 спорт түрі тіркелген. Спорттан чемпион болмасақ да, спорт түрлері бойынша біраз елден алда тұрған жайымыз бар.

Осылайша тағайындалғанына 2 ай ғана болған жаңа спорт министрі бұл саланы қолға аламын, отандық спортты дамытамын деп сендіреді. Тізе берсек, бұл салада проблема көп. Соның бірі легионерлер. Мәжілісте талқыланған спортты дамытуға арналған заң жобасы аясында енді Қазақстан азаматтары болып есептелмейтін спортшыларды яғни легионерлерді бюджет қаражаты мен квазимемлекеттік сектордан қаржыландыруға тыйым салу көзделген.

Ал елге легионерлерді шақыру тыйыла ма?

Енді республикалық, облыстық және жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуі қажет. Оның үстіне жергілікті спорт федерациялары міндетті түрде республикалық немесе аймақтық федерацияның мүшесі болуы керек. Депутаттар ұлттық спорттың дамымай, халықаралық деңгейге көтерілмей жатқанын да айтты. Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, туризм және спорт индустриясын қолдау қорынан 2023 жылы кәсіби спортқа 22,6 млрд теңге қаражат бөлінген. Ал ұлттық спорт түрлеріне 856 млн теңге бөлінген. Яғни бұл барлық қаражаттың 3,7%-ы. Екі қаржының арасы жер мен көктей. Мәжілісмен, қазіргі күні бұл ұлттық спорт қауымдастығында 10 федерация болса, оның айналасында 500 мыңға жуық спортшы, миллиондаған жанкүйер бар –дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.