Жыл басталғалы Батыс Қазақстан облысында 82 қызылша дерті тіркелген. Сырқаттардың 14-і бір жасқа дейінгі нәрестелер. Ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы дерт Бөрлі, Бөкей Орда, Сырым, Бәйтерек аудандары пен Орал қаласында тіркеліп отыр. Сала мамандары аталмыш сырқатқа тек арнайы екпемен ғана тойтарыс беруге болады,- дейді. Сәуір айынан бастап, еліміздің барлық аумағында вакцинациясы жасау компаниясы бастауын алған. Қазіргі таңда 9-10 айлық 2000 бүлдіршін, 40 жасқа дейінгі 1500-ден астам медициналық қызметкер екпе салғызыпты.