0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында қызылша дертімен 27 адам тіркелген.Жұқпалы сырқатқа шалдыққан жандардың 9-ы 14 жасқа толмаған балалар екендігі анықталыпты. Сала мамандары вирусты кеселмен науқастанған жандардың баршасы уақытылы ем-дом қабылдамағандар,-дейді.
Күні бүгінге дейін қызылшамен елімізде 4600-тен астам адам сырқаттанған. Олардың 27-ші батысқазақстандық. Жұқпалы кесел облысымызға тиесілі алты ауданда тіркеліп отыр. Сала мамандары аталмыш ауру Еуропа елдерінен келген деседі.
Жұқпалы кеселдің алғашқы белгілері кезінде дене қызуы көтеріліп, бөртпелер пайда болады. Қазіргі таңда нақты қызылшаны емдейтін дәрі жоқ. Алайда, уақытылы медициналық көмекке жүгінген кезде қызылшадан құлан таза айығуға болады. Жұқпалы кеселге шалдықпаудың бірден- бір жолы екпе қабылдау.
Сәуірдің бірінен бастап жаппай имундау үшін екпе салу науқаны басталған. Сала мамандары 9-10 айлық сәбилерге, 40 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлерге екпе егуді жоспарлап отыр. Ал, қызылша бойынша туындаған сауалдарды 51-82-55 колл орталыққа жолдауға болады.