Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қызылшаға қарсы күрес

c 18:04, 10/09/2019 c 1370

0:00 / 0:00

Қыркүйектің 16-сынан бастап қызылшаға қарсы екпе басталмақ. Аталмыш екпе 20 мен 29 жас аралығындағы, вакцина құқық қорғау саласы, қамауда отырған және вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жандарға арналған. Сала мамандары вакцина егу үшін барлық жағдай жасалып, медициналық қызметкерлердің білімі-білігі пысықталды,- дейді.

Қазақстан Еуропа елдерінің ішінде қызылшаға шалдыққан азаматтардың қатарында Украинадан соң, екінші орынға табан тіреген. Күні бүгінге дейін еліміздің аумағында 9000-ға жуық адам осы кеселге шалдыққан. Биылдың өзінде Батыс Қазақстан облысында 119 жағдай тіркеліп отыр.

Қазіргі таңда жұқпалы инфекциялық дерттің алдын алу мақсатында 20 мен 29 жастағы азаматтарға екпе салынбақ. Олардың саны 64 мыңнан асып жығылады. Сала мамандары вакцина құқық қорғау саласында жұмыстанып жатқан, қамауда отырған және вахталық әдіспен еңбектеніп жатқан азаматтарға арналған дейді. Қазіргі таңда екпе егу үшін барлық жағдай жасалып, дәрілерді сақтайтын арнайы орындарда жабдықталыпты. Инфекциялық дертке төтеп беретін екпені алу үшін республикалық бюджеттен 20 млн 490 мың теңге көлемінде қаражат бөлініпті.

Қызылша- бұл жұқпалы инфекциялық дерт. Әлі күнге дейін аталмыш сырқатты толықтай емдеп жазатын дәрі-дәрмек жоқ. Тек, 1963 жылы алғаш рет ғана ғалымдары қызылшадан қорғайтын екпені ойлап тапқан болатын.

 

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.