2019 жылы Орал қаласында 78 азамат қызылшамен ауырған. Қызылшаға шалдыққандардың 51 пайызы 14 жасқа толмаған балалар. Сала мамандарының хабарлауы бойынша дертке шалдыққан жандардың 90 пайызы аталмыш сырқатқа қарсы екпе алмаған,-дейді. Жұқпалы вирусқа төтеп беру үшін 20 мен 29 жас аралығындағы оралдықтарға екпе салу жұмыстары қолға алынған еді. Қосымша иммундау үшін 38 мыңнан астам дәрі сатып алынған. Дәрі-дәрмек Үндістанда жасалған. Қазіргі таңда олардың 94 пайызы егілді. Сала мамандары қызылшаға қарсы екпе салу жұмыстары келер жылдың бірінші қаңтарына дейін жүргізілетінін айтады.