Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БАЙҚОҢЫРДЫ ЖАЛҒА БЕРУ ҚҰНЫ ӨСЕ МЕ?

c 08:57, 12/05/2023 c 91

0:00 / 0:00

Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағын жалға беру құнын өсіре ме? Бұл сұраққа цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков жауап берді. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан көрші Ресейге Байқоңыр ғарыш айлағын жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін созды.

«Байқоңыр» алаңы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы болып табылады. Аумағы 6717 шаршы шақырымнан асады. Сонау Кеңес дәуірінде яғни 1955 жылы іргесі қаланған еді. Өздеріңізге мәлім, ғарыш айлағы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Бұл жер елді мекендерден қашық орналасқан, экватор жазықтығына жақын, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан 1994 жылы Байқоңырды Ресейге жалға беру турады шешім қабылдады. Себебі, ғарыш кешенін өзіміз қолдана алмадық. Оған сол кездегі экономкиалық жағдай мүмкіндік бермеді. 29 жыл бойы көрші Ресей Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алғаны үшін жыл сайын 115 миллион доллар төлейді. Қазақ жерінде тұрған Байқоңыр қаласы түгел Ресейдің билігінде. Зымыран тасығышын ұщырып отырған көрші ел пайда тауып жатса, қазақ жерінің экологиясы зардап шегіп жатыр дейді депутаттар. Байқоңыр тұрғындары ресей рублін қолданады, мектептерде оқушыларға олардың президенті- Путин деп үйретеді. Осылайша қалада Ресей заңы жүреді. Тұрғындардың бір бөлігі Ресей азаматтығын алған. Ал кешенді Ресей Ұлттық ұланы күзетеді.

МӘЛІК ОЛЖАБЕКОВ – ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Неге сіз жалға беру келісімі тиімсіз дейсіз? Ғарыш айлағы Кеңес дәуірінен бері қолданылып келе жатқан мұра. Ғарыш айлағы нақты зымыран тасығышын ұшыруға арналған. Техникалық тұрғыда бұл кешенен баламалы зымырандарды ұшыру мүмкін емес».

Осылайша, Қазақстанның орталығында орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағы Мәскеу үшін тиімді бизнес болып табылады. 2016 жылға дейін Ресей коммерциялық тұрғыда зымыран ұшыру бойынша бірінші орында болды. Осылайша көрші ел миллиардтаған доллар табыс тауып жатыр. Ал Қазақстанға тиесілісі 115 миллион доллар. Есесіне экологиясы зардап шегіп жатыр деген еді сенаторлар. Енді көрші елге ғарыш айлағын жалға беру мерзімі тағы созылды.

МӘЛІК ОЛЖАБЕКОВ – ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «1994 жылғы жалға беру бойынша келісім бірнеше рет созылды. Қазір Байқоңырды Ресей 2050 жылға дейін арендаға алып отыр»

Кеңінен қолданылып келген зымыран тасығыш гептил отынын қолданды. Гептил отыны өте қауіпті. Өңірдегі тұрғындар қатерлі ісік ауруына шалдығып жатырмыз деп алаңдаушылық танытты. «Протон» зымыран тасығышы алғашқы рет құлағанда наразылық күшейіп, ғарыш айлағын жалға беру құнын өсіру керек, болмаса Байқоңырды босатсын деген пікірлер де айтылған еді. Алайда, Ресей жағы өз жауабында Байқоңырдан кететін болсақ, Қазақстанға бірде-бір технологияны қалдырмаймыз деп күшейді. Осылайша бұл тақырып жабылған еді. Саясаттанушылар ғарыш саласына тек ақша емес, кадр қажет дейді. Ал мұндай кадр біздің елде жоқтың қасы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.