Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Қызыл" құжаттан құтылудың оңай жолы

c 09:06, 15/10/2021 c 2950

0:00 / 0:00

Қазақстандағы азаматтықты қысқарту және жою бойынша бірлескен іс-қимылдарды күшейту үшін өткен жылдың қыркүйек айынан бастап кең ауқымды сәйкестендіру науқаны өткізілуде. Оның аясында азаматтығы белгісіз адамдарға құжаттар рәсімдеуге көмек көрсетіледі. Жобаны Ішкі істер министрлігі қазақстандық Адам құқықтарының заңдылығын сақтау жөніндегі халықаралық бюросымен, «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығымен және Әділет министрлігімен бірлесіп, БҰҰ қолдауымен іске асырады.Аталған акция 2022 жылдың мамыр айына дейін жалғасады. Сондықтан егер құжатсыз жүрсеңіз, оны жоғалтып алсаңыз немесе жеке куәлік алу қажет болса, көші-қон қызметіне хабарласу керек.Науқан нәтижесінде 4 686 құжатты жоқ адам анықталған. Олардың көпшілігі – Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола, Жамбыл және облыстарында белігілі болыпты. Ал облыста осы уақытқа дейін 160 тұлғаның ССР кезіндегі, яғни қызыл құжатпен жүргені белгілі болса, кәмелет жасына толған 43 адамның жеке куәлігі болмаған. Ал 117 адам мүлде құжатсыз жүріпті. Қазіргі таңда науқан әлі жалғасып жатыр. Сол себепті мүлдем құжатсыз жүрген азаматтарға өздерінің құқықтық мәртебесін анықтау және жеке басын куәландыратын құжат алу үшін жергілікті көші-қон қызметі бөліністеріне жүгіну керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.