0:00 / 0:00
Қазақстанда қауіпті індеттің таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Соңғы тәулікте коронавирус індетін 3693 адам жұқтырған. 11 облыс «қызыл аймақта» тұр. Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия «қызыл аймақтағы» өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейтіп отыр.
Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру науқаны қарқындады. Екпенің 1 - ші компонентін 4,5 миллионға жуық адам, 2 - ші компонентін 2,5 миллиндай адам салдырды. Соған қарамастан, індетке шалдыққандар саны күн сайын көбейіп келеді. Соғы тәулікте 4 мыңға жуық науқас тіркеліп отыр. Елдегі ахуалдың нашарлауына байланысты енді карантиндік шектеулер тағы да қатаңдатылып жатыр. «Қызы аймаққа» кірген өңірлерде қоғамдық көліктердің қозғалысына, қоғамдық тамақтану орындары, кинотетарлар, театарлар,фитнес, спорт,білім орталықтары сияқты бизнес субьектілерінің жұмыс уақыты қысқаратын болды. Мысалы, «Ashyq»қосымшасына қосылған мейрамхана, дәмханалардың жұмысы түнгі 22:00 дейін болса, енді 20.00 дейін қысқарып отыр.
Алайда кәсіпкерлік нысандар апта сайын өзгеретін карантиндік шектеулерден табысын жоғалтты. Елордадағы кинотеатрлардың жұмысшылары қала әкімдігіне шағым жазып, жұмыстарын тоқтатпауды сұрап отыр.Себебі, табысынан айырылған қызметкерлер пәтер ақысын төлей аламй қаламыз, қалай күн көреміз деп алаңдайды. Өздеріңізге мәлім, кинотетарларға 30 пайыздық орынға дейін адам қабылдауға рұқсат берілгенді. Енді эпидахуалдың нашарлауына байланысты қаладағы ірі кинотетарларға шектеу қойылуда.
Айта кету керек, Үкімет ұжымдарда вакцина салдыруды міндеттеу жұмысын күшейткен болатын. Тіпті шілденің 15-не дейін екпенің бірінші компонентін алуы тиіс деген қалуы да шықты. Алайда, мемлекет басшысы вакцина салдыру мерзімін ұзартуды тапсырды.