0:00 / 0:00
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жақын арада өңірде қауіпті індеттің таралуы тұрақталатынына сенімді. Елордаға кезекті әкімдер брифингіне келген әкім Ахметов, облыста COVID-19 алғашқы оқиғасы тіркелген сәттен бастап, 14 402 жұқтыру жағдайы тіркелді. Облыс ауруханаларында бүгін 659 адам жатыр. Аптасына орташа өсу қарқыны 1,7 пайызды құрайды дейді. Ковидті тұрғындар негізінен адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, қоғамдық орындарда жұқтырған. Ал ірі кәсіпорындарда КВИ-ді жаппай жұқтыру оқиғалары болмады.
Соңғы тәуілктегі статисткиаға сүйенсек, республкиа бойынша ковид жұқтырағндар саны 791 науқасты құраса,соның 242-і Шығыс Қазақстан облысында тіркеліп отыр. Өңір қызыл аймаққа кірген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, қауіпті індет көп тараған Шығыс Қазақстан облысында стастиканы азайтып көрсету фактілері тіркелгенін айтып сынаған болатын. Әкім Даниал Ахметовке осы мәселені тексеріп, аймақта індеттің таралуын тұрақтаныдруды қаатң тапсырғанды. Әкім жақын арада облыста жағдай тұрақталады деген сенімде.
Өкінішке орай, облыста оқу басталғаннан бері оқушылар арасында коронавирустың 410 оқиғасы тіркелді. Індет табылғаннан кейін барлық мектептер жабылып, оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды. Вирус көбінесе үй жағдайында жұққан. Бүгінгі таңда облыс ауруханаларында оқушылар жоқ, - дейді әкім. Өңірде қауіпті індеттің таралуына орай ауруханаларда орын жоқ деген ақпаратты әкім жоққа шығарып отыр. Тіпті журналисті қызыл аймаққа шақырды.
Сондай-ақ, Ахметов ковидті ірі кәсіпорындарда жұқтыру қауіпі жоқ деп ақталды. Тұрғындар негізінен адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, қоғамдық орындарда жұқтырған дейді. Ал ірі кәсіпорындарда КВИ-ді жаппай жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ деп сендірді.