Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қызыл аймақта карантин күшейтілді

c 18:14, 29/03/2021 c 431

0:00 / 0:00

Бір жылдан астам уақыт пандемияда өмір сүріп жатырмыз. Қауіпті індеттің таралуына байланысты қатаң карантин талаптары бизнестің жұмысын тежеуде. Қазақстан қазір ковид жұқтырушылар саны бойынша сары аймақта тұр. Еліміздің 5 өңірі қызыл аймақта.  Ірі сауда орындары, көптеген кәсіпкерлік қызметтер демалыс күндері жұмыс істемейді. Еліміздің бас санитарлық дәрігері адам көп жиналатын жерлер індеттің таралуына себеп болуда дейді. Соңғы тәулікте елімізде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 1400 –ң үстінде. Елордада 30 наурыздан бастап карантин талаптары тағы да күшейтілетін болды. Сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмыс уақыты таңғы 10 –нан кешкі 17 00  дейін белгіленіп, демалыс күндері жұмыс істеуге тиым салынды. Мектеп оқушылары қашықта оқытылатын болады. Тек 9-11 сынып оқушылары ғана аралас оффлайн оқиды.

Осыдан бір жыл бұрын, қазақстандықтар түгел үйде отырды. Қауіпті індеттің таралуы өршіп, локдаун енгізілді. Бұл біріншіден адам денсаулығын сақтау үшін қажет болды.  Алайда, табысынан айырылғанда қаншама. Әлеуметтік жағдай ушықты. Отбасындағы жан-жал, ажырасу, ішімдікке салыну деректері орын алды. Карантин бизнесті тоқырауға ұшыратты. Ел экономикасын әлісертпей, пандемияны жеңу мүмкін бе? Қауіпті індетті жою үшін карантин талабын сақтап,  қазақстандықтардың 60 пайызы екпе алуы тиіс дейді дәрігерлер. Олай тарсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынадының кері. Карантин талабы қатаңдатыла берсе, тағы да жұмыссыздар саны артуы мүмкін. Себебі, кәсіпкердің жұмысы тоқтайды. Бизнес құлдыраса, экономикаға да кері әсер етеді. Бұл қазынаға салмақ түсіреді. Себебі, қомақты салық төлеп отырған бизнес негізгі табысты демалыс күндері жасайды.  Қызыл аймаққа енген елордада сауда орындарының жұмыс уақыты кешкі сағат 17 00 қысқартылды. Демалыс күндері жұмыс істеуге тиым салынған.

Олег Чегаров –сауда орталығының директоры «Біз карантин талаптарын сақтауды қолдаймыз. Алайда, жалға алып отырған кәсіпкерлер үшін табыстың негізі демалыс күндері түседі. Санитарлық дәрігер бизнеске түсініктік танытады деп ойлаймыз».

Қызыл, жасыл, сары түске боялған өңірлерде түсіне қарай карантин талаптары енгізілген. Бүгін қызарып тұрған аймақ, ертең сарғайып кетуі де мүмкін.

Карантин талабын күшейте бергеннен нәтиже бола ма? Экономистер бұған күмәнмен қарайды. Өткен жылдағы төтенше жағдай жарияланған кезде 700 мың адам жұмыссыз қалғаны есімізде. Үкіметтің 42500 теңгесі табысынан айырылғандарға медеу бола алмады. Қаншама кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін.  Дегенмен,дәрігерлер бизнестің түсіністік танытуын сұрайды.

Қазақстанда карантиндік режим енгізілгелі ел экономикасының дамуы төмендеді. Қазір адамдар бұрынғыдай сауда, ойын-сауық орталдықтарына көп бармайды. Ал елдегі шағын және орта бизнестің негізгі бөлігін қызмет көрсету кәсібі құрайды. Локдаун кезінде дәл осы бизнес көзі зардап шегуде. Салықтық жеңілдіктер, субсидия кәсіпкерлерді қорғай алмайды. Бизнестің қай түрінде  болмасын банк алдында қарызы бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.