0:00 / 0:00
Оралда жаңа такси қызметі жұмысына кірісті. Бұл қызмет түрін тек мемлекеттік қызметшілер қолданады. Яғни, облыстық әкімдікке қарасты 24 басқарма мен қалалық әкімдік қызметкерлері енді қызметтік көлікті емес, такси қызметін пайдаланады. Барлық облыстық басқармалар мен әкімдік қызметкерлерін А нүктесінен Б нүктесіне «Жайық» такси қызметі жеткізеді. Жеке компанияға 10 су жаңа көліктің және 17 қызметтік көліктің кілті табыс етілген. Алдағы уақытта бұл такси қызметі инвестициялық жоба аясында қала тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Ал мемлекеттік қызметкерлерге отандық өндірістің автолары қызмет көрсетеді. Айта кеткен жөн, бұл такси қызметін пайдаланушылар қозғалыс пункттерін алдын-ала бір күн бұрын диспетчер қызметіне хабарлауы тиіс.Сарапшылардың айтуынша, МЖӘ шеңберіндегі аталмыш жоба - мемлекет пен бизнестің өзара бірлескен сәтті жобасы. Мемлекеттік органдар бюджетті үнемдеу есебінен бонус алады және сапалы қызмет пен бизнесте үш жақты пайдаға кенеледі: даму, бәсекеге қабілеттілік, жаңа жұмыс орнын құру. Бұған дейін дәл осы жүйе Нұр-Сұлтан қаласында енгізілген болатын.