Жаңақалада жол апатынан, 17 жасар қыз бала ауруханаға түсті, Оқиға сенбі күні кешкісін аудан орталығы Жаңақала ауылы маңында болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, е сағат 19.20-да жедел жәрдем шақыртылды. Жол-көлік оқиғасынан 2002 жылғы қыз бала зардап шеккен. Түнде облыс орталығынан нейрохирург, хирург, реаниматолог шақыртылған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлігі аударылып қалған. Автокөлік рулінде Жаңақала ауылындағы №3 мектептің 11-сынып оқушысы болған. Көлікте одан басқа тағы 5 оқушы отырған. Алдын ала мәлімет бойынша немересі атасынан автокөліктің кілтін сұрап алып, сыныптастарымен бірге қызғалдақ теруге барған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.