Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қызғалдақ көктем

c 17:46, 03/05/2018 c 2126

0:00 / 0:00

Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының аясында облысымызға қарасты Қазталов ауданының Қайыңды ауылында "Қызғалдақ көктем" атты халықаралық фестиваль басталды. Екі күнге созылатын шара аясында келген қонақтар Қайыңды ауылы маңындағы "Қызыл кітапқа" еңген ерекше қызғалдақ алқабын тамашалап, келешекте гүлді алқапты дамытып, оларды дүйім елге таныту жолдарын талқылады. Сонымен қоса, аталмыш фестиваль аясында тұңғыш рет халықаралық эстрадалық әндерді орындаушылар байқауы мен далалық ұлттық ойындар мен мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

Қазталов ауданына қарасты Қайыңды ауылы біздің аймақтағы қызғалдақтың отаны десек, асыра айтқандығымыз емес. Себебі, 3-4 гектар аумақты алып жатырған гүлді алқапта алақанның үлкендігіндей қызғалдақтардың 10 түрлі түстісі өседі. Бүгінгі "Қызғалдақ көктем" фестивалы да осынау алқаптағы «Гүлдер клайдоскопы» көрмесін тамашалаудан бастады.
Құрамына ұлттық салт-дәстүрімізден бастап, қолөнер бұйымдарын, ұлттық спорттық ойындар мен пікір алмасу жиынын және халықаралық эстрадалық әндер орындаушылар конкурсын тоғыстарған ауқымды алғашқы фестивалға, Ресей Федерациясының көршілес облыстарынан арнайы қонақтар мен конкурсанттар да шақырылған. Шараны ашқан аудан әкімі Абат Шыныбеков қонақтарға қош келдіңіздер айтып, ізгі тілегін білдірді.

Шараның келесі бөлігінде шақырылған қонақтар "көненің көзі" атты этноауылды тамашалап, қазақ халқының ежелгі қолөнер бұйымдарымен, ұлттық тағамдар мен спорттық ойындарымен және салт-дәстүрлерімен танысты.

Қызғалдақты алқапта қазақ халқының ұмыт болып бара жатырған ұлттық ойындары - садақ ату, арқан тарту, күрес, күш сынасу сынды спорт түрлерінен көріністер ұсынылып, жеңімпаздарға түрлі сый сияпаттар тапсырылды.

Фестивальде тек көрме мен ойын-сауықтар ғана орын тауып қоймай, табиғатты қорғауға арналған "Бірге қорғаймыз" тақырыбындағы сұхбат алаңы келешек үшін күш салар амалдардың жоспарын белгіледі. Жиында экологтар мен табиғат қорғаушылары гүлді алқапты халыққа таныту мақсатында атқарылар жұмыстарды айтып, өз ойларын жеткізді.

Ал "Гүлдер әуені" атты концерттік бағдарламада 100-ге жуық орындаушы қатысушылар алдында күй орындап, ақындар Қайыңды қызғалдағына арналған өз туындыларын оқыды. Және ертеңгі күнге жоспарланған эстрада әндерін орындаушылардың тұңғыш халықаралық байқауының 30 үміткері жеребе суырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.