0:00 / 0:00
Қытай өз шекарасы арқылы Қазақстанның жүгін өткізбей жатыр. Шекарадағы келеңсіздік мәселесі сенат қабырғасында талқыланды. Бұрын шекарадан тәуілігіне 150 автокөлік пен 900 вагон өтсе, қазір күніне 20 көлік пен 500 вагон ғана өткізіліп жатыр. Бұл проблема пандемия басталғаннан бері орын алды. Ал қазір жағдай тіпті ушығып кеткен. Өз кезегінде сенат депутаттары үкіметтен жергілікті бизнеске қолдау жасауды сұрады. Себебі, Қытаймен шекарада қаншама жүк тиеген көлік тұрып қалды. Ал шененуіктер болса бұл мәселені шешуде қауқарсыз болып отыр.
Көрші Қытаймен шекарада мыңдаған вагон мен жүк көлігі кептеліп тұр. Қытай жағы Қазақстандық жүк тиелген көліктер мен вагондарды өткізбей жатыр. Жүк көліктерінің жүргізушілері жаңа жылды шекарада қарсы алуға мәжбүр. Қаншама тауарды тастап кете алмайды. Пекиннің енгізген шектеулерінің салдарынан шекарада осындай келеңсіз жағдай орын алып отыр. Соңғы кезде Қытай қауіпсіздік шараларын қатаңдатып тастаған. Қытай шекарасынан жүк өткізу көлемі қысқарды. Бұл екі ел шекарасында проблема тудырып отыр.
Ольга Булавкина ҚР парламент сенатының депутаты «Қытай Қазақстан жағынан барып жатқан жүк көліктері мен вагондарды өткізуге шектеу қойып отыр.Бұл шекарадағы өткізу бекетінде көліктердің жиналып қалуына әкеп соғып отыр. Пандемия басталғалы жүк өткізу әлеуеті 10 есеге қысқарды. Кей жерлерде жүк тасымалына шектеулер де бар.Бұл кәсіпкерлерді қиындыққа әкеп соғуда. Қаражатын жоғалтады, келісім шарт орындалмайды.Ал Қазақстан жағы Қытайдан келген жүкті жедел және толығымен қабылдап жатыр».
Бұрын жабылған 3 өткізу бекеті қайта ашылды. Бірақ қытай жағы жабық түрінде қалып отыр. Күн сайын шекара арқылы Қазақстанға қытайлық тауарлар тиелген 500 жүк көлігі келеді. Негізінен көлік жабдықтары, халық тұтынатын тауарлар әкелінеді. Енді өз тауарын өткізе алмай отырған Қазақстан Қытайға нота жолдады. Қазір шекарада орын алған келеңсіздікке байланысты келіссөз жүріп жатыр. Алайда, осыған қарамастан көрші Қытай жағының белгілі бір өткізу пунктері жабылған есігін ашпай отыр.
Бақыт Сұлтанов – ҚР сауда және интеграция министрі «Бұрын әр өткізу бекетінен күніне жүздеген көлік өтетін болса, қазір ондаған машина ғана өтеді. Бұл көп уақытты алып отыр. Қытайлық әріптестермен өткізу пунктерінің әлеуетін арттыру бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз»
Шекара арқылы ең алдымен экспортқа шығарылған тауарлар, қытай тауарын әкелуге бара жатқан тасымалдаушылар өткізіледі. Алайда, жергілікті шенеуніктердің айтуынша, Қытай жағы оларды көзіне де ілмейді.
Қанат Баеділов – ҚР қаржы вице-министрі «Шыныменде қытай жағы қазақстандық экспорттық тауарларды мүлдем өткізбей жатыр.Шекарадан өтетін көліктердің саны да он есеге қысқарды. Пандемияға дейін күн сайын бізге 200 жуық көлік кірсе, бүгінде 20-25 көлік кіреді»
Қытайдың бұл шектеулері қазақстандық кәсіпкерлерді қыруар шығынға батырып отыр.