Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫТАЙМЕН АЛЫС-БЕРІС

c 19:36, 20/05 c 20

0:00 / 0:00

Аспан асты елі әлемге жерінің көлемі мен халқы санының көптігімен ерекшеленеді. Халқының саны 1,4 млрдқа жетті. Қазақстан үшін көрші Қытай ең ірі сыртқы сауда –экономкиалық серіктес болып табылады. Қазақ жеріне ресми сапармен келіп жатқан Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И –мен жүргізілгенк еліссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы алыс-берісімізді одан әрі ынталандырып, өзара тиімді жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға қол жеткізілді дейді қазақ министрі. Қазақ-қытай тауарайналымы 41 млрд долларды құрап отыр.

Еліміздің бас дипломаты Нұртілеу мырзаның айтуныша, бүгінде мұнай-газ, химия, металлургия, агро, тау-кен өнеркәсібі және басқа да салаларда ондаған ірі бірлескен жобалар жүзеге асырылды. Сонымен қатар озық технологиялар, инновация және ғылыми-зерттеудегі әлеуетімізді әрі қарай жетілдіру мәселесі тұр. Бұл тұрғыда, қытай тарапы елімізде электромобильдердің өндірісін құруды ұсынып отыр.

Сондай-ақ, Қазақстан жағы қытай компанияларын сирек кездесетін минералдар қорын бірлесіп игеруге шақырды.Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымыз екпінді түрде кеңейіп келе жатыр. Ресми орталарда біз оған «жаңа алтын 30 жылдық» деп айдар тақтық, - деп мәлімдеді қазақ министрі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.