Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫТАЙ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДА

c 19:12, 02/07 c 53

0:00 / 0:00

Тойдың болғанынан болдысы қызық дегендей. Астана ШЫҰ саммитіне қызу дайындық жүргізді. Шаһар әкімі көшелерді тазалап, жолдарды жөндеп әлек болса, үкімет қадірлі қонақтарды қарсы алу жоспарын құрып бәйек қағып жүр. Саммит өтетін 3-4 шілде күндері елордада балабақшалар жұмыс істемейді. Жолда кептеліс болмас үшін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 70 пайызы 2-4 аралығында қашықтан жұмыс форматына ауыстырылды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ Астана саммиті “Көпжақты диалогты нығайту – тұрақты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу” тақырыбына арналатынын атап өткен болатын. Саммитке 16 елдің үкімет басшылары қатысады. Алпы 9 ел мүше. Ұйымның диалог серіктесі ретінде 14 ел тіркелген.Еске сала кетейік, Қазақстан ШЫҰ-ға 2023 жылдың шілдесінен бастап төрағалық етуде. Астана саммитінен кейін айтулы ұйымға төрағалық Қытайға өтеді. Саммиттің алдында Қазақстанға мемлекеттік сапармен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин келді. Құрметті қонағын елорда әуежайында қазақ басшысы өзі қарсы алды. Қытай басшысына ерекше құрмет әуежайдан бастау алды. Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетіп, қытай тілінде ән де шырқады деп хабарлайды Ақорда.
Ал Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қытай төрағасының елімізге сапары аясында Қазақстанға келген қытайлық China National Petroleum Corporation (CNPC) Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянмен кездесті. Тараптар энергетика саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. Соның ішінде Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жөніндегі бірлескен жобасына басымдық жасалды. Нысанды уақытылы пайдалануға беру үшін жаңғырту қарқынын жеделдетуге келісті. Шымкент МӨЗ-ын шикізаттың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету және Кеңқияқ – Атырау, Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту шаралары қаралды. Қазіргі уақытта қазақстандық және қытайлық сарапшылар қажетті есептер жүргізуде деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. Сондай-ақ,қазақ пермьері мен қытайлық компания басшысы «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының бірінші желісін салу және іске қосу бойынша табысты жүзеге асырылған бірлескен жобаны мысалға ала отырып, газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру перспективаларына тоқталды. Айта кетейік, Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) әлемдегі ең ірі ТОП-3 мұнай компаниясының қатарына кіреді. Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіне $45 млрд астам қаражат салған. Ел бойынша CNPC кәсіпорындарында 30 мыңнан астам адам еңбек етеді, олардың 98,3%-ы – қазақстандықтар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.