0:00 / 0:00
Орал қаласында тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әуесқой балықшылар арасында арнайы турнир өтті. Шараға 80 адам қатысты. Сайыс Шаған өзенінің жағалауында ұйымдастырылды.
Оралда қысқы балық аулау науқаны басталды. Науқан барысында арнайы әуесқой балықшылар турнирі өтті.
Сайысқа 80 адам қатысты. Таңғы сағат тоғызда басталған шара түскі екілер шамасында қорытындыланды. Ерлер қауымымен қатар нәзік жандылар да бұл жарыста бақ сынады.
Қысқы маусымның алғашқы сайысында 9 келі балық аулап, ептілік пен шыдамдылық танытқан балықшы жеңімпаз деп танылды.