Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қыс қаһарынан қайтар емес!

c 00:00, 05/03/2015 c 626

0:00 / 0:00

Бүгін Орал қаласында тағы да қылаулап қар жауып, жердің бетін ақ мамық басты. Сынап бағанасы да жиі төмендеп, аяз бәсеңдемей отыр. Соның салдарынан әдетте, қар күреуді көктем түсе доғаратын коммуналдықтардың жұмысы көбейіп, су басу қаупі бар аймақтарды тазалап-аршумен айналысуда. Бүгінге дейін облыс орталығынан 300 мың куб қар шығарылыпты. Оның 240 мыңы көп салалы ЖПК-мен жағалауларға тасымалданса, 60 мың куб заңды тұлғалардың көмегімен аршылған. Коммуналдықтар бүгінде күн жылынбай тұрып, ақ мамықтан қаланың қауіпті аудандарын арылту үшін 2 ауысыммен жұмыс жасап жатыр. Қар тазаушылардың кәсіпорындар мен мекемелерге өз аймағын қардан тазаласа деген өтініші аяқ асты болып отыр. Бір ғана ЖП қанша жұмыла жұмыстанса да қайта-қайта түскен қарды тып-тыйпыл қылуға қауқарсыз. Сондықтан өз міндеттерін орындамайтын осындай тұлғаларға бұдай былай ескерту жасалмай-ақ жауапқа тартылады. Зашаған кентінде еріген қардың әлегінен құтылу үшін су жолдары мен арықтар қазылды. Мамандар осының өзі су басу жағдайын біраз сейілтуге сеп болады деп үміттенуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.