0:00 / 0:00
Үкіметтің қосымша құн салығының мөлшерін көтеру туралы ұсынысы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Күні кеше премьер-министр Олжас Бектенов ҚҚС 20 пайызға көтеруді ұсынған есімізде. Алайда бұл әзірге ұсыныс. Бұл салықтың мөлшеріне қатысты Үкіметтің нақты есебі ақпан айының ортасына дейін белгілі болмақ. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин журналситермен өткен брифингте бұл мәселе алдымен сарапшылар және сала өкілдерімен кеңінен талқыланады. Осыдан кейін депутаттардың талқысына салынады деді. Үкімет қосымша құн салығы бойынша тіркеу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынып отыр. Қазір бұл меже - 78 млн теңгені құрайды. Яғни, егер өзгеріс жүзеге асса, жылына 15 млн теңге табатын кәсіпкерлер қосымша құн салығын төлейді. Бұл ұсыныЕске сала кетейік, ҚҚС-ті 16 пайызға көтеру мәселе бұған дейін де қызу талқыланған болатын. Бірақ жүзеге аспады. Ол кезде депутаттар бұл салық түрі 12%-дан 16%-ға дейін өссе шағын және орта бизнестің қадамына тұсау салынады деген еді. Депутаттардың қазіргі пікірі қандай екен?
Үкіметтегілер Қазақстанда қосымша құн салығы өссе, азаматтардың жалақысы, жәрдемақысы, зейнетақысы мен атаулы әлеуметтік көмегі өседі. «Қажет болған жағдайда, атаулы әлеуметтік көмек, жалақы, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтеміз», - деп жұбатады вице-премьер Жұманғарин. Дегенмен, үкіметтің бұл ұсынысы Парламентке жетіп, талқыға салынып барып нақты шешім қабылданады. Сондай-ақ, министрлер кабинеті салықты ғана емес, жанар-жағар май бағасын да көтермек.
Ал энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобильмен тасымалдауға тыйым салу туралы бұйрығын жариялады. Энергетика министрлігі бұл шаралар елдің ішкі нарығында жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін қабылданды деп хабарлады.