0:00 / 0:00
Өткен жылдың 23-тамызы күні шамамен сағат 23.00-де Мақсот Исмағұлов К.Малаеваның үйіне келіп, араққа ақша сұраған. Оны Малаева «саңырау, есуас» деп, қуып жіберуге тырысқан. Мұны ар-намысыма тиді деп ұққан М.Исмағұлов белгісіз затты К.Малаеваға лақтырған кезде ол жерге құлаған.
БАҚЫТ ЕРМАХАНОВ
БҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ
Бұдан кейін М.Исмағұлов адам өлтіру мақсатымен К.Малаеваны үйге сүйреп кіргізіп, басынан таяқпен кемінде төрт рет ұрған. Соның салдарынан марқұм оқиға орнында көз жұмған.
Осылайша, Мақсот Исмағұлов 4800 теңге ақша, құны 100 мың теңге тұратын «Dell» ноутбугын жымқырып, есікті сыртынан кілттеп, оқиға орнынан бой тасалаған.
БАҚЫТ ЕРМАХАНОВ
БҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ
Сот үкімімен М.Исмағұлов ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі, 188-бабы 1-бөлігі, 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.
Сонымен қатар, айыпталушы психикалық орталықта ем алатын болды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.