0:00 / 0:00
Адам өміріне қасақана қауіп төндіргендер темір торға тоғытылды. Орал қаласында Абишев және Ермұханов текті азаматтар мас күйінде 2 азаматпен төбелесіп, біреуін пышақпен жаралаған. Оқиға осыдан 4 күн бұрын С. Датов көшесінің бойындағы "Тамаша" кафесінің маңында болды. Осындай бұзақылық әрекеттерімен қоймай, Абишев таксиге мініп қашқан жәбірленушілерді қуып жетіп, көлік жүргізушісінің ішіне 6 рет суық қаруды сұғып алған. Абырой болғанда, уақытында көрсетілген медициналық көмектің арқасында зардап шеккен азаматтар аман қалды.