0:00 / 0:00
Бүгін БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мұнай өнімдерін заңсыз саудаға салды деп күдікке ілінген қылмыстық топқа үкім шықты. Аталмыш қылмысқа қатысы бар деген алты айыпты 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасын арқалады. Мұнай өнімдерін заңсыз саудалаған топ осыдан екі жыл бұрын күдікке іліккен еді. Бұл жолы сот белгіленген уақытта басталды. Сот материалдарынан мәлім болғандай, 2017 жылдың күзінде Атырау-Орал тас жолының бойындағы полиция бекетінде битум тиелген бес жүк көлігі тоқтатылады. Кейін құжаттарынан шикілік шығып, ұйымдасқан қылмыстық топ деп танылады да, ісі сотқа жолданады.
Сот үкімімен Орынбор облысындағы битум зауытының директоры Тимур Қалиев пен осы іс бойынша айыпталған тағы төрт жігітке бұған дейін сегіз жыл басбостандығынан айырыу жазасы тағайындалған болса, енді олардың әрқайсысысы 6 жылға сотталды. Аталған қылмыстың тағы бір фигуранты Бақытжан Жақатаевты сот ҚР ҚК-нің 216-бабы бойынша кінәлі деп танып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу үкімі шығарды. Сонымен қатар сотталушылардан мемлекет пайдасына 536 миллион теңге өндіріліп, битум тасыған көліктері мен жеке көлігінен табылған қаржысы тәркіленеді. Үкіммен келіспеген қарсы тарап таңы да шағымданатындарын жеткізді.Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушылар осы мерзім ішінде қайта қуына алады.