Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қылмыскерлер жазасын алады

c 17:35, 08/10/2020 c 563

0:00 / 0:00

Оралда 85 жастағы кейуана мен оның мүгедек ұлын өлтіргендерге сот үкімі шықты. Енді олар бұл қылмыс үшін темір торда жазларын өтейтін болады. Қанды оқиға осыдан бір жыл бұрын тіркеліп, күдіктілер ұзақ іздестірілген болатын.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей қанды қол қылмыскерлерге үкім БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шықты. 85 жастағы кейуана мен оның мүгедек ұлын өлтірді деген күдікке іліккен екеу Андрей Тюклин мен Михаил Зимнухов болып отыр. Естеріңізге сала кетеміз 2019 жылы 7 қыркүйекте Циолковский көшесі 53-үйден зорлықпен өлтірілген 1934 жылғы зейнеткер кейуана мен оның ұлы, 2 топ мүгедегі, ДЦП сал ауруымен ауырған 1959 жылғы ер адамның денесі табылған болатын. Оқиға орнынан 130 мың теңге мен 75 мың теңгенің алтын бұйымдары ұрланғаны белгілі болды. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес марқұмдар тұншықтырылған әрі жабық бас-ми жарақаттарын алған. Кешенді тергеу шаралары барысында 1992 жылғы Т, 1993 жылғы З. және 1991 жылғы К. есімді күдіктілер анықталды. Ұсталғандардың бірі кінәсін мойындап, тергеу орындарына көмектесуге келіскен. Күдіктілер де кінәсі толықтай дәлелденді. Мысалы, ұрланған алтын бұйымның молекулярлық-генетикалық сараптамаға сәйкес марқұм әйелге тиесілі екендігі белгілі болды. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің киімінде зейнеткердің ДНК-сы анықталған. «Күдіктілерге қатысты сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысы шыққаннан кейін істі сотқа жіберу туралы процессуалдық шешім қабылданды. Осы оқиғаға байланысты көптеген жұмыстар жүргізілді. Соның ішінде жедел іздестіру шаралары барысында басқа 63 қылмыс ашылды.Бұдан басқа криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 11 адамды (соның 9-ы қылмыстық құқықбұзушылық жасаған) ұстап, жоғалып кеткен 2 адамды тапқан.Яғни 28 жастағы Андрей Тюклин 23, 27 жастағы Михаил Зимнухов 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ұрлық жасағаны үшін 29 жастағы Әсет Қибашев 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.